Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Қомақты қаражатқа Сарыағаш ауданындағы магистралды су құбыры реконструкцияланады. Соның арқасында 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылға таза ауызсу беріледі.
Әлеуметтік инфрақұрылым Арнаулы мемлекеттік қордан қаржыландырылады. Жобаның жалпы құны шамамен 6,5 млрд теңге. Онда 34 шақырымнан аса желі құрылысы қарастырылған, оның 20 шақырымынан астамы бұрын бөлінген қаражат аясында төселіп қойды. Қалған жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.
Айта кетейік, қазір елдегі сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалалық жерлерде 99,4%, ал ауылдық елді мекендерде 97,8%-ке жетті.
Тегтер #Түркістан облысы #қаржыландыру #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz