Белгілі журналист, қоғам қайраткері Лев Тараков 58 жасында өмірден өтті.
2012 жылдан бері «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып қызмет етті. Лев Тараков Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген. Еңбек жолын Солтүстік флотта офицер ретінде бастап, әр жылы баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. «Известия-Қазақстан» газетін де басқарды. Әріптесіміздің қайтыс болуына байланысты «Хабар» агенттігі атынан отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.
Тегтер #журналист #өмір #қайтыс болды #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz