RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында ҚХА-ның отыз жылдығына 2 мың іс-шара өтеді

09.04.2025, 22:23 535

Түркістан облысында Ассамблеяның 30 жылдығына арналған ұлттық, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өтеді.

Жыл бойы 2 мың шара ұйымдастырылады деген жоспар бар. Бұл туралы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында айтылды. Басқосуда облыстық Ассамблея төрағасының екі орынбасары көпшілік дауыспен қайта сайланды. Келелі кеңесте қайырымдылық шараларын өткізу, мемлекеттік тілді үйрену, жастар қанатының жобаларын іске асыру жайы сөз болды.

Индира Раван-Нахчивани, облыстық «Ассамблея жастары» ұйымының мүшесі:

- Биыл бізге республикадан жоспарлар келеді, соған сәйкес, біз өзіміздің жоспарымызды түземіз. Алдағы уақытта бізде «Бір ел» лагері сияқты көптеген лагерлер ұйымдастырылады. Әр облыстан бізге қонақтар келеді. Сол қонақтарға біз өзіміздің тарихи жерлерімізді таныстырамыз. Көптеген іс-шараларды ұйымдастырамыз. 

Сарманбай Сафаров, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:

- Үлкен аталарымыз айтып кеткен «Бірлік болса, тірлік болады» деп. Сол бірлігіміз арта берсін. 130 ұлттың өкілі бар. Солардың бәрі бір болып, осындай дәрежеге жетіп тұрсақ, Қазақстанымыз гүлдейді деп ойлаймын. Жобаларымыз бар. Сол жобаларды аудандарға жіберіп, қадағалап, іске асырамыз деп отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz