Семейде Жеңістің 80 жылдығына орай «Отты жылдардың әндері» атты фестиваль өтті.
Байқауға 30-дан аса өнер ұжымы қатысты. Іс-шара кезінде 1941 жылы Семей қаласында құрылған екі гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолын баяндайтын тарихи бейнеролик көрсетіліп, соғыс әндері орындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша тағылымды шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Соғыс жылдарындағы халқымыздың ерлігін дәріптейді. Семейліктер «Отты жылдардың әндері» байқауын жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Өңірден майдан даласына жүз мыңнан аса адам аттанған. От пен оқтың ортасынан аман қалғандардың қатарында қазір екі майдангер қалды.
Кенжебай Бердікенов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Біздің мақсатымыз осы гвардиялық атқыштар дивизиясының құрметіне жастарға тәрбие беру, құрмет көрсету. Солардың ерліктерін елге паш ету. Жерлестеріміздің арасынан 56 адам Совет Одағының батыры атағын алса, 13 адам «Даңқ» орденінің толық ковалері болып есептеледі.
Тегтер #Семей #Жеңіс күні #ән байқауы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz