Алматыда студенттер арасында «ЭкоПи: Болашақтың зияткерлік сынағы» олимпиадасы өтті.
Халықаралық білім беру корпорациясында өткен білім бәсекесіне Қазақстанның 16 жоғары оқу орнынан 30 команда қатысты. Бұл бастама жаңа буын ғалымдарын, инженерлер мен сарапшыларды даярлауға бағытталған. Студенттер физика, математика, ақпараттық технология және экология саласында өз жобаларын ұсынды. Финалға 12 команда шықты. Оларды бағалау үшін алғаш рет экологиялық ғылым саласының мамандары шақыртылды. Байқау дәстүрлі түрде Халықаралық Пи саны күніне орай өткізілді. Студенттер биотехнология, қоршаған ортаны бақылау және баламалы энергия көздерін жетілдіру жөнінде жобаларды қорғады.
Гүлжаз Нұрат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті:
«Біздің жобамыз ардагер ұстаздар мен студенттерімізге арналған экоэнерго паркі болып табылады. Бұл жоба жалпы жастар мен үлкен кісілер арасындағы ұрпақтық сабақтастықты нығайтуға себепкер болып отыр. Оның үстінде біз Қызылорда қаласының өңірлік климатына сәйкес энергияны өндіріп, оларды тиімді пайдалану жолдарын да ұсынып отырмыз».
Шахислам Лайсханов, халықаралық білім беру корпорациясының департамент директоры:
«Қазіргі кезде студент ол бір ғана сала, мамандық, бір ғана білім беру бағдарламасы бойынша білімін жетілдірмеуі керек. Ол бірнеше саладағы білімді меңгерген, жан-жақты маман болып қалыптасу керек».
Тегтер #Алматы #студент #экология #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz