RU
Толық нұсқаға өту

Астаналық қариялар салауатты өмір салтын ұстанып жүр

10.04.2025, 09:32 489

Астаналық жүзден астам қария таңымен ерте тұрып, салауатты өмір салтын ұстанып жүр, деп хабарлайды 24kz.

1 жылдан бері спортты серік еткен олар ботаника бағына барып, скандинавиялық жүріспен серуендеуді әдетке айналдырған

Артынша тәжірибелі мамандардың көмегімен таза ауада топтық жаттығулар жасайды. Игі іс қаладағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының ықпалымен жүзеге асып жатыр.

Сәндібек Камилов, зейнеткер:

- Мұнда қатысып жүргеніме 1 жылдай болды. Бес күн осында жүреміз. 2 күн демаламыз. Белсенді өмір сүру орталығына рақмет. Денсаулыққа көп пайдасы бар. Бәріңізді осында келуге шақырамын. Көңіл-күй көтеріңкі. Бәрі құрдас. Кіші, үлкен деген жоқ.

Гүлшат Дәрменова, қала тұрғыны:

- Қарияларымыздың дәл осылай салауатты өмір салтын ұстануы біз үшін әрі өскелең жас ұрпаққа үлгі. Бұл кісілермен мақтануымыз керек. Себебі адам денсаулығы белсенді іс-қимыл мен сапалы өмір сүруді қажет етеді. Тізімде 123 адам бар. Барлығы да өте белсенді. Әрдайым қарттарымыздың жүзінен күлкі кетпесін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz