RU
Толық нұсқаға өту

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот. Тікелей эфир

10.04.2025, 13:35 899

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Хабар» Агенттігі» АҚ бірлесіп, Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесінің түсірілімін ұйымдастырады.

Агенттіктің еліміздің барлық ірі қалаларын қамтитын кең таралған тілшілер желісі, қажетті техникалық базасы, сондай-ақ кәсіби білікті мамандары бар. Аталған ресурстар кез келген өңірде болып жатқан оқиғаларға жедел әрекет етіп, сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Талдықорғанда орналасқан Жетісу қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бөлімінде Шерзат ісіне қатысты сот отырысы басталды. Сот процесі ашық режимде өтеді.

Сот отырысының онлайн трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан. Ер адамдар арасында жанжал басталып, арты төбелеске ұласқан.

Бұл іс бойынша қазір 10 адам күдікті ретінде ұсталып, уақытша қамауға алынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz