Шерзат Полаттың ісі бойынша алдын ала тыңдау аяқталды. Сот ашық форматта өтетін болады.
- 2025 жылдың 10 сәуірінде сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады, – деп хабарлады Жоғарғы сот.
Сот отырысының онлайн трансляциясын «Khabar News» YouTube арнасынан көріңіздер!
Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан. Ер адамдар арасында жанжал басталып, арты төбелеске ұласқан.
Тегтер #Шерзат ісі #Шерзат Полат #сот отырысы #ашық форматPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz