RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы жүріп жатыр. LIVE

10.04.2025, 13:11 446

Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Сот процесті онлайн ашық өтіуде. Қатыгездікпен жасалған жантүршігерлік жағдай іс қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Отырысқа еліміздің барлық БАҚ өкілдеріне қатысуға рұқсат берілген.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- «Қылмысқа қатысы бар күдіктілер Талдықорғандағы уақытша оқшаулау орнында болғандықтан сот отырысы осы қалада өтіп жатыр», - деді жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Садуақас-Хайруллина. Атышулы іске қатысты алдын ала тыңдалымының бастағанына жарты сағаттай өтті. Айыпталушы ретінде 9 адам танылып отыр. Оның біреуі жасөспірім. Бүгін тараптар бір-бірімен алғаш рет жүздесті.

Еске сала кетейік, дүйім жұртты дүрліктірген қылмыс өткен жылы қазан айының төртіне қараған түні болған еді. Алматы облысының Талғар қаласындағы дүкен алдындағы төбелесте 16 жастағы жасөспірім пышақталып, ауыр жарақаттан жантәсілім етті. «Жаға ұстатқан жағдайға қатысты құзырлы органдар өкілдері қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары кезінде 40 тан астам сараптама жасатылды», - дейді. «200-ден аса адамнан сұрақ-жауап алынды. 8 бейнежазба сараланды», - делінген.

Істің ашық немесе жабық өтуі онлайн форматында көрсетілуі тараптардың келісімінен кейін белгілі болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz