RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы неон жазу пайда болды

10.04.2025, 21:12 991

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ерекше бастама қолға алынды.

Игі жоба «Салтанат жарығы» деп аталады. Оны, СИ-ТИКС ((Citix)) компаниясы мен Канн фестивалінің «Алтын арыстан» иегері — Джи Форс Грей ((GForce Grey)) креатив агенттігі бірлесіп жасады.

Кеңес заманында дүкендерге нәзік жандылардың атын беру қалыпты жағдай еді. 60-жылдардан таныс «Салтанат» деген алқызыл жазу Алматыда қайта жарқырады. Бірақ бұл жолы жарнама емес, дабыл белгісі ретінде іске қосылды. «Орбита» ықшам ауданындағы үйдің шатырына орнатылған жазу елде тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелген сайын жанып-өшіп белгі береді. Сол сәтте Қазақстан бойынша Citix-тің 100-ден астам цифрлық экранында дәл сондай белгі пайда болады.

Юлия Тушина, GForce Grey жарнама агенттігінің директоры:

- Әрине бұл жүрек ауыртатын жағдай. «Салтанат жарығы»  жанған сайын, өкінішке қарай, дәл сол сәтте елдің бір бұрышында біреу сол азапты бастан кешіп жатқанын ұғасың. Осы дабыл жарығы  әрқайсымыздың санамызды оятуы тиіс. Себебі бұл үнсіз жанайқайы. Және әр адам өз деңгейінде бұл мәселеге бейжай қарамай, әрекет етуге тиісті.

Жарықтың жанып өшуі сиқырдың емес, жасанды интеллекттің әсері. Ол жаңалықтар мен әлеуметтік желілерді, дағдарыс орталықтарына түскен анонимді өтініштерді және Telegram-бот арқылы жіберілген оқиғаларды талдайды.

Леонид Нигматуллин, CITIX PR-директоры:

- Әзірге жарық қанша рет жанады, қанша хабарлама келіп түседі оны нақты айту ерте. Бірақ біз қазірдің өзінде күн сайын 20-дан астам жағдай тіркеліп жатқанын көріп отырмыз. Бұл қорқынышты көрсеткіштер. Біз бизнес әлеуметтік жауапты болуы тиіс деп санаймыз, өйткені зорлық-зомбылықсыз қауіпсіз қоғам құру бәріміздің ортақ міндетіміз.

Жоба бір айға созылады. Сәуір айының соңында Citix компаниясы қорытынды статистиканы ұсынбақ.

Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz