Астанадағы әскери мұражайда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды.
"Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" атты тағылым бұрышында сұрапыл сұм соғысты бейнелеген туындылар, портреттік жұмыстар мен тарихи оқиғалардың суреттері қойылған. Қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанованың портреттік плакаттары да көрермен қауымға ерекше әсер сыйлайды. Шараның ашылуына Мәжіліс депутаттары бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты. Айта кетсек, көрме мамыр айына дейін жұмыс істейді. Қала қонақтары мен тұрғындар келіп, тамашалауға мүмкіндік бар. Кіру тегін.
Тегтер #Жеңіс күні #көрме #әскери #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz