RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда жыл сайын жөнделетін жолдың сапасы сын көтермейді

11.04.2025, 08:30 584

Атырауда қала жолдарын жөндеуге жергілікті бюджеттен 16 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Қазір жолдардың сапасы нашар. 25%-і әбден тозған. Жүргізушілерден түсетін шағым да көп. Жыл сайын жамап-жасқағанмен, көктемде қайтадан ой-шұқыр көбейеді.

Мынау күніне мыңдаған көлік жүретін Атырау-Доссор күрежолының қалаға қарасты бөлігі. Қазіргі сиқы осындай. Бұдан бөлек, Сәтбаев, Азаттық секілді орталық көшелерден де күй қашқан. Жыл сайын жөнделетін жолдың сапасына жүргізушілер наразы.

Сауалнама:

- Жолдың нашар екені рас қой. Бітіп жатыр жол деген қазір. «Ходовка» кетеді. Жолдың бәрін «брусчаткамен» жамап қойған. Ондай жол бола ма? Салу керек. Салған жолдың да сапасы жақсы емес. Толқын ғой.

- Осы Сәтбаевтың бойындағы жол өте нашар. Кеше де, мысалы, соның өзінде дөңгелегім жарылып қалды. Шынында, «ходовка» да кетеді ғой осы шоқалақтың кесірінен.

Жауаптылар биыл жолдарды жөндеуге 16 млрд теңге бөлген. Қазір Сәтбаев даңғылы мен Атырау-Астрахань тасжолының қалаға қарасты бөлігін жаңғырту жұмыстары басталды. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 9 шақырымнан асатын орталық көшелердің жолы жөнделеді. Қалаішілік жолдардың ұзындығы 1635 шақырым. Оның 25%-і тозып тұр.

Ғасырбек Төлеген, қалалық әкімдіктің ресми өкілі:

- Қала аумағында күрделі жөндеу, орташа жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары басталды. 1 сәуірден бастап, орташа жөндеу жұмыстары Жарбосынов көшесінде басталды. Тағы да айта кетейік, биыл Жарбосынов, Ерниязов көшесі, Әлия Молдағұлова көшесі, Азаттық және Махамбет көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ауылдық округтер мен қала аумағындағы жолдардың барлығы 50 мың шаршы метр жол қайта ағымдық жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр.

Қалалық әкімдік биыл 161 көшеге 67 шақырымға жуық жол салуды жоспарлап отыр. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұған бөлек, 186 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы да осы жылы аяқталады.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz