Шымкент қаласында жекеменшік тұрғын үй кешендерінің бей-берекет өсуіне шектеу қойып, 2035 жылға дейін көпқабатты үйлердің үлесін 60%-ке жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24kz.
Президентке қаланың болашақтағы құрылыс жоспары таныстырылды. Сондай-ақ қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді. Биыл шамамен 1,4 миллион шаршы метр баспананы пайдалануға беру көзделген. Оның ішінде 320 мың шаршы метрден астам пәтер мемлекеттік бюджет есебінен салынады. «Ақжайық», «Бозарық» және «Тұран» жаңа шағын аудандары пайда болды.
Айта кетейік, Президент 2022 жылы Шымкент жұртшылығымен кездесу барысында шаһардың бас жоспарын қайта қарау жөнінде тапсырма берген.
Тегтер #Шымкент #көпқабатты үйлер #құрылыс жоспары #баспанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz