Биыл Кеңес Одағының батыры, академик Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толады, деп хабарлайды 24kz.
Осыған орай Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Мәлік Ғабдуллиннің мұрасы және жас заңгерлердің миссиясы – құқықтық тәртіп пен сабақтастық» атты алқалы жиын өтті. Майдангер соғыстан соң өмірін ғылымға арнап, студенттерге сабақ берді. Осы оқу орнының ректоры болды. Тағылымы мол басқосудың ұйымдастырылуына Қазақстанның Бас прокуратурасы ұйытқы болды. Студенттер қайраткердің рухани және құқықтық мұрасын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыбында баяндамалар жасады. Кейінгі жылдары прокуратура мен университет арасында тығыз байланыс орнаған. Былтыр «Болашақ прокурор кеңістігі» жобасы іске қосылып, кітапхана қоры студенттер үшін қажетті әдебиеттермен толықты. Мұндағы мақсат – болашақ заңгерлерді дайындауға атсалысу.
Ернұр Уәли, ҚР Бас прокуратурасының кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы:
- Біз Мәлік Ғабдуллинің батыр тұлғасы, ғалым тұлғасы арқылы жастарға үлгі көрсеткіміз келеді. Бүгінгі қоғамымызда іске асырып жатқан жаңа бастамаларды осы біздің тарихымыз арқылы түсіндіргіміз келеді. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын, «Адал азамат» тұжырымдамасын жастардың бойына осы үлкен ағаларымыздың, аталарымыздың ерлігі және ғылыми ізденістері арқылы жеткізгелі жатырмыз.
Тегтер #Алматы #студенттер #жиынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz