RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда «Сәтбаев сакурасы» егілді

11.04.2025, 18:22 719

Алматыдағы «Ғылым ордасының» ауласына «Сәтбаев сакурасы» қайта егілді, деп хабарлайды 24kz.

Рәсімге академиктер, депутаттар мен жапондық делегация өкілдері қатысты. Бұған дейін академия ауласында екі ағаш жайқалып өскен. Оларды Кеңес заманында жапондық қонақтар Қаныш Сәтбаевқа құрмет ретінде әкелді. Жұрт оларды «Сәтбаев сакурасы» деп атап кетті. Жетісу климатына бейімделіп, отыз жылға жуық өмір сүрді. Бірақ ағаштардың мәнін түсінбегендер оларды кесіп тастап, тарихы мен маңызы зор екі сакура аяусыз оталды. Ерекше символдық мәнге ие «Сәтбаев сакураларын» жаңғырту рәсімі – еліміздің ғылым тарихына құрмет пен тағзым белгісі саналады. Ғылым күні қарсаңында Сакура-Канзан және Кику-Шидаре деген екі түрі егілді.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА президенті:

- Ал енді Сәтбаевтан қалған мұра. Соның принципімен жүргізуіміз керек. Соның қағидатымен. Менің айтарым, бұл жерде академиялық орда деген өзінің бір кәсіби таза орда. Бұл жерде нағыз ғалымдар болу керек академияда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz