2029 жылға қарай Шымкентте апатты үйлерден 600-ден аса отбасы көшірілмек, деп хабарлайды 24kz.
Ал, бүгінге дейін 250-ге жуық отбасы жаңа баспаналарға қоныс аударды. Президентке қаладағы тұрғын үймен қамтылу, оның ішінде әлеуметтік санаттағы азаматтарға қолдау туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ақжайық» шағынауданындағы тұрғын үй кешені таныстырылды. Бұнда жыл соңына дейін 35 көппәтерлі тұрғын үй бой көтермек. Барлығы мұқтаж адамдарға және мемлекеттік ипотека бағдарламалары арқылы сатылады.
Тегтер #ШымкентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz