RU
Толық нұсқаға өту

Премьер-министр инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуын тексерді

12.04.2025, 11:00 926

Елордада «Тұран» газ жылу станциясындағы нысан құрылысының екінші кезеңі аяқталды.

Жалпы қуаты сағатына 350-ден 600 гига калорийға дейін жеткен. Осылайша елдегі ең ірі газ жылу станциясына айналып отыр. Премьер-министр Астанадағы инфрақұрылымдық жобаларды тексеру кезінде халықтың белсенді өсуі мен қаланың кеңеюіне байланысты жылумен жабдықтау маңызды екенін қаперге салды. Олжас Бектеновке мұндағы жұмыс толық автоматтандырылғаны айтылды. Неміс, орыс және фин технологиялары қолданылады. Азот оксиді қалдықтары қазіргі нормативтен 3-5 есе азайған. Аталған нысан Есіл және Нұра аудандарын және шамамен 2 млн шаршы метр аумақтағы әлеуметтік және өнеркәсіп орындарын жылумен қамтиды. 

Ерсін Өтебаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

- Сондай-ақ үкімет басшысы LRT құрылысының барысымен танысты. 25 қазанда LRT тестілік режимде іске қосылмақ. Пойыздарды жолаушысыз сынақтан өткізу жоспарланған. Жеңіл рельсті көлік жобасы озық GoA4 стандартына сәйкес жүзеге асып жатыр. Бұған 6 ай сынақ мерзімі талап етіледі. Бұдан бөлек диспетчерлік пункт, байланыс торабы және қоғамдық көлік түрлерін басқару орталығы салынады.  Жолаушыларды тасымалдайтын 650 орынға шақталған 19 төрт секциялы құрам жұмыс істейді. Қазір жылдамдығы сағатына 350 км-ге дейін жететін алғашқы екі локоматив құрастырылып жатыр.

Асылбек Дүйсебаев, «CTS» ЖШС Басқарма төрағасы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz