RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанмен арадағы «Атамекен» шекара пункті уақытша жабылады

12.04.2025, 11:14 580

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Атамекен» өткізу пункті 14 сәуір күні бір күнге жұмысын тоқтатады.

Осыған байланысты Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін барлық жүк тасымалдаушылар маршрутты алдын ала жоспарлағаны абзал. Өткізу пунктінде қазір жаңа ғимаратқа көшу, техникалық жарақтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал 15 сәуірден бастап, өткізу бекеті сынақ режимінде іске қосылады. Аталған бекетті ашу үшін жаңа ғимаратта ақпараттық жүйелерді көшіру және қайта қосу, сондай-ақ жабдықтарды ретке келтіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуі қажет. Жалпы екі ел арасында жүк көліктерін өткізетін 4 шекара бекеті жұмыс істейді. Олар «Атамекен», «Қонысбаева», «Қазығұрт», және «Тәжен» шекара пункті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz