Өскеменде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға жергілікті этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері мен ұйым мүшелері қатысты. Басқосу барысында өңір делегациясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты республикалық сессиясына дайындық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бастамалар талқыланды. Сонымен қатар жастардың патриоттық акцияларға қатысуы, этносаясатты ақпараттық қолдау, экологиялық және мәдени шаралар қорытындыланды.
Елдар Төлеубеков, облыстық Достық үйінің директоры:
- Енді Ассамблея ол қоғамдық бірлестік болғаннан кейін қоғамдағы жастарды, үлкендерді бәрін тартып отырғандықтан сондықтан әр кісі бізге өздері келгенде ақ ниетіменен Қазақстанның болашағына өздерінің үлесін қосамын деп жүрген адамдар деп тануға болады.
Тегтер #Өскемен #ҚХА 30 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz