RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық бітімгерлердің алғашқы легі елге оралады

12.04.2025, 14:55 565

Былтыр бір жылға Голан жоталарына жіберілген бітімгерлердің алғашқы легі елге оралады.

Әскерилердің келесі құрамы қызметке кірісуге әзір. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандық бітімгерлік контингент орналасқан Фауар базасында ротациялау рәсімін өткізді. 

Аржақ Көріспаева, бірінші ұлттық бітімгерлік контингентінің медицина қызметкері:

- Бүгін бір жылдық қызметімізді атқарып, үйге қайтып бара жатырмыз. Осы бір жыл ішінде мен рота командирінің гендерлік саясат жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Менің ойымша, біздің контингент өте жоғары деңгейде өз миссиямызды аяқтап қайтып бара жатырмыз. Жергілікті халық бізді өте қатты сыйлайды.

Думан Шынтеміров, «Арлан» әскери  көлігінің жүргізуші  - байланысшысы:

- Контингентке бір жыл даярлықтан кейін осы жаққа келдік. Жағдайымыз жақсы. Келе жатқан жаңа құрамға сәттілік. Аман-есен үйлеріне, Отанына, бала-шағасына оралсын деп тілейміз. 

Жеке құрам жауынгерлері былтыр наурыз айынан бері өздеріне жүктелген аймақтарды патрульдеу, тосқауыл бекеттер ұйымдастыру, бітімгерлік базаны күзету мен бейбіт келісімдердің сақталуын қамтамасыз етуде. Миссия қолбасшылығы мен Біріккен ұлттар ұйымының басшылығы бітімгерлердің кәсібилігіне жоғары баға берді.

Жігер Айыпов, бірінші ұлттық бітімгерлік контингентінің командирі:

- Миссия барысында біздің жеке құраммен 600-ден астам тапсырма орындалып, 400-ден астам жарылмаған оқдәрінің көзі жойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz