RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда Жеңіс саябағы жаңартылып жатыр

12.04.2025, 15:30 907

Атыраудағы «Жеңіс» саябағы толықтай жаңғыртылады.

Бұл жоба Жеңістің 80 жылдығына орай қолға алынды. Қазір 45 мың шаршы метр аумақта төсем тастарды жаңарту және электр желісін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ саябаққа жәдігер ретінде қойылған әскери техника қалпына келтіріледі. Жаңа газон төселіп, тал-терек егу жұмыстары да қолға алынады. Жөндеу жұмысына қалалық бюджеттен 105 млн теңге бөлінді.  

Эльдар Қариполлаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Абаттандыру жұмысының аясында, сондай-ақ, Мәңгілік алаудың жаңа форматы салынатын болады және де батырларға арналған 14 ескерткіштің асты жаңадан құйылып, биіктетіліп, нығайтылып, жаңадан жасалатын болады. Келісім-шарт бойныша 30 сәуірде аяқталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz