Туристер қымыз бен шұбат ішкенге құмар. Бурабай мен Зерендіде ұлттық тағамдарға сұраныс артты.
Ақмола облысының агротуризм саласы 50 жобаны жүзеге асырады. Соның ішінде ұлттық тағамдар өндірісі қарқын алды.
Бурабай ауданына қарасты Қымызынай ауылында бал татыған қымыз өндірісі жақсы дамып жатыр. Мына мал шаруашылығы кешінінің өзі күніне 150 литр ұлттық сусын дайындайды. Соңғы бір-екі жылда түйе шаруашылығын да түлетіп, шұбат өндірісін қолға алды.
Нұрсұлтан Бекенов, мал шаруашылығы кешенінің жетекшісі:
- Осы біздің өндірісіміз – қымыз бет шұбат. Сапасы өте жақсы. Адамдар осында келіп алады. Елордаға жібереміз. Күніне біз 60 бастан екі үйірден 150-160 литр күніне аламыз қымыз. 20 литр шұбат түйе сүтін аламыз.
Кешенде жергілікті 30-ға жуық адам қызмет етеді. Олар ұлттық сусын дайындаудың қыр-сырын әбден меңгеріп алаған.
Гүлсара Хабдина, мал шаруашылығы кешенінің қызметкері:
- Осы жерде істегеніме міне 30 жылдан астам уақыт болды. Бұл ата кәсіп. Осы елге келін боп түскелі көзім қымызбен шықты. Сұраныстар да көп. Көбіне емге саумал, шұбатымыз жақсы болып жатыр.
Ал кезінде осы кешенде еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған жандар қазір өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Мысалы, ауылдағы Қабдулиндер отбасының қымызына да сұраныс жоғары. Кәсіп иелері өз өнімдерін брендке айналдырып, патенттеп алған.
Әлия Қабдулина, кәсіпкер:
- Тайлы тұяғымызбен жүреміз осында. Немерелерім бар құдай берген. Каникулда бәрі келеді. Көмектеседі. Ағайын туыстың балалары бар. Баланың істегені білінбейді ғой.
Ауыл қымызы қоспасыз, әрі бұрынғының тәсілімен бапталады. Сондықтан да тапсырыс беретін тұтынушы көп. Қазір ауылда 10-нан астам отбасы осы кәсіпті қолға алған. «Бірақ әр үйдің қымызы әртүрлі», – дейді кәсіп иелері.
Әлия Қабдулина, кәсіпкер:
- Әрбір үйдің қымызын кіріп дәмін татсан, әркімнің қымыз баптауы, қымыз дайындауы бәрі әртүрлі болады. Дәмі де әртүрлі. Негізі біз қымызды жұмсақ жасаймыз.
«Агротуризмнің бір артықшылығы, ауыл кәсіпкерлерін танытып қоймай, шалғайдағы шаруалардың ширауына ықпал етеді. Сол себепті кенжелеп қалған саланы жан-жақты дамыту маңызды», – дейді туризм басқармасындағылар. Мысалы, қазір Бурабай өлкесіндегі марал шаруашылығы мен аралар мұражайы да туристер үшін тарымды орынға айналған.
Андрей Подгурский, облыстық туризм басқармасының басшысы:
- Ақмола облысында агротуризм бағыты жаңа болғасын әзірге мемлекеттен тікелей қолдау шарасы қарастырылған жоқ. Бірақ туризмге қарастырылған жеңілдіктер осы салаға да көрсетіледі. Мәселен, кәсіпкерлер елді мекенде болғасын «Ауыл аманаты», «Жеңілдетілген қаржыландыру» бағдарламаларына қатысуға мүдделі.
Қазір өңірге келетін туристердің тек 10% осындай этноауылдарға барады. Алдағы уақытта олардың қатарын көбейту көзделген. Ол үшін ауылдардағы инфрақұырылымды жақсартып, туристерге тарымды ету жағы қарастырылып жатыр.
Авторлары: Абзал Балтабаев, Виктор Полянный
Тегтер #Ақмола облысы #туризм #Бурабай #Зеренді #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz