RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде пойыз билеттерін сату ережесі өзгерді

14.04.2025, 13:20 802

Елімізде пойыз билеттерін сату ережелері өзгерді. Енді шойын жол көлігі 1 сағаттан артық кешіксе, билет құны жолаушыларға толық қайтарылады. Жаңа ереже 22 сәуірден бастап күшіне енеді. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Мәселен, билеттерді сатып алу мерзімі, ресімдеу тәртібі және мүгедектігі бар жолаушылар үшін тәртіп өзгерді. Демек бұдан былай жолаушылар пойызының билеттерін жөнелтуден 45 күн бұрын, бірақ кетуден 10 минуттан кешіктірмей сатып алуға болады. Ал қала маңындағы поездар үшін жөнелтілгенге дейін 10 тәуліктен 10 минутқа дейін сатылады. Сондай-ақ I-топтағы мүгедектігі бар адамдар мамандандырылған купелерге арналған билеттерді сатылым ашылған бойда бірден ала алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz