Әлеуметтік желілерде қазақстандық авторлардың музыкасы қайта пайда болды, деп хабарлайды 24kz.
Жарты жылға созылған келіссөздер нәтижесінде Meta компаниясы мен «Қазақстан авторлар қоғамы» отандық музыканы «Инстаграм» және «Фейсбукке» орналастыру туралы ортақ шешімге келді. Тараптар арасындағы келісім мерзімі ұзарту шарттарымен 2 жылға жасалды. Зияткерлік меншік комитетінің төрағасы Шолпан Әбдірееваның айтуынша, компания авторлық құқықты сақтауға және қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің мүдделерін құрметтеуге дайын екендігін растады.
Шолпан Әбдіреева, Зияткерлік меншік комитетінің төрайымы:
-Шектеулер авторлық құқықты сақтау қажеттілігінен туындады. Халықаралық және ұлттық заңнама авторлармен тікелей немесе олардың мүдделерін білдіретін ұйымдармен шарттардың болуын талап етеді. Мұндай келісімдер болмаса, цифрлық платформаларда музыканы пайдалану мүмкін емес және сәйкесінше ұлттық заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Тегтер #әлеуметтік желі #Meta #InstagramPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz