Қостанай облысында орман алқаптары мен жазық даланы өрттен қорғау үшін дрондар қолданылады, деп хабарлайды 24kz.
Биыл өңірде ерте күн жылынғандықтан, қауіпті кезең басталды.
Облыс аумағында соңғы үш аптада жүзден астам дала өрті тіркелді. Орманда, ауыл шаруашылығы алқаптарында қауіпсіздікті сақтамаған 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 1 миллион 200 мың теңге айыппұл салынды.
Өміржан Тұқышев, ТЖД бастығының орынбасары:
- Өзекті мәселенің бірі – елді мекендер айналасына минералды жолақтардың жасалмағаны. Тіпті орман ағаштарына жақын балалар лагерьлері де қорғалмаған. Төтенше жағдайлар бөлімшелері тілсіз жаудың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Ол үшін дрондарды кеңінен пайдаланамыз. Әуе арқылы бағдарлап, бақылау жүргізетін ұшақ түріндегі аппаратымыз да бар.
Тегтер #Қостанай облысы #дала өрті #орман өрті #Дрондар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz