Орман шаруашылықтарындағы өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері тиісті мекемелерге 136 өрт сөндіру кешені мен 60 трактор жеткізілген. Маусым айының соңына дейін тағы арнайы техникалар беріледі. Биыл облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жарақтандыруға жергілікті бюджеттен 6,3 млрд және лизинг есебінен 20 млрд теңге бөлді. Енді жыл соңына дейін бұл шаруашылықтарға қажетті техникалар сатып алынуы тиіс.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #өрт сөндіру #техника
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz