RU
Толық нұсқаға өту

Поляк қызы қазақ әндерін шырқайды

15.04.2025, 14:35 709

Солтүстік Қазақстан облысында қазақтың халық әндерін шырқайтын поляк қызы тұрады. Ольга Векерле музыкалық білімі болмаса да, халқымыздың төл туындыларын нақышына келтіре орындайды. 

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Өмір - өзен» әні. Аққайың ауданында тұратын Ольга Векерле қазақтың осындай әндерін шырқағанды жақсы көреді. Поляк қызының бұл өнері әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.

Ольга Векерле, ауыл тұрғыны:

- Маған негізі Шәмші Қалдаяқовтың барлық әні ұнайды. Оның қайталанбас туындыларын үйде де, жұмыста да, көлікте де тыңдаймын. Өте әсерлі. Жан-дүниеме жақын десем де болады.

Әннің де естісі бар, есері бар... Ольга тек қана қазақ әндерін айтады. Ал Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқасын» орындағанда тыңдарманның таңдай қағып таңқалмайтыны жоқ.

Диас Базарбай, Ақ қайың аудандық мәдениет үйінің қызметкері:

- Дауысы өте керемет. Енді өздеріңіз де байқап отырсыздар, әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр. Басқа тағы да, ол негізі өзі көбіне қазақ әндерін жақсы көреді. Өзі сүйіп тыңдайды.

Бір қызығы, Ольганың музыкалық білімі жоқ. Мамандығы бойынша – заңгер. Бірақ 9 жасынан ән салып жүрген ол сахнадан ұзай алмады. Қазір аудандық мәдениет үйінде жұмыс істейді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz