RU
Толық нұсқаға өту

Үкімет мүшелері отандастарымызға үндеу жасады

15.04.2025, 19:40 468

Үкімет мүшелері отандастарымызды табиғатқа шығып от жаққан кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл өрт қаупі жоғары екенін ескертіп, ел тұрғындарынан мұқият болуды сұрады.

Оқыс оқиғаның куәгері болған жағдайда дереу құзырлы органдарға хабарлау керегін айтты. Ведомство басшысының айтуынша, табиғатта тұтанған жалынның көбі адами фактордың кесірінен болады. Дәл осындай үндеуді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері де жасады. Вице-министр Кеген Тұрсынбаев қазіргі кездегі құрғақ ауа райы мен температураның жоғары болуы ормандарда, саяжайларда және елді мекендер маңында өрт қаупін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Өткен жылғы ылғал көп жаздың бүгінгі нәтижесі, қураған шөптің молшылығы, биіктігіс соның бәрі өрттің жиі болуына, қауіпті болуына бірден бір себеп. Өрт пайда болған жағдайда, соның куәгері болған жағдайда бізге хабарласып, мына МЧС-тың өңірлердегі мекемелеріне телефон шалуды ұмытпаңыздар.

Кеген Тұрсынбаев, ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі:

- Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет. Ең алдымен әрбір азаматымыз табиғат аясында және тұрғын үйлердің жанына жақын жерде от жақпасын, құрғақ шөптерді, қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды өртемесін. Шала сөндірілген темекіні немесе сіріңкені тастамаңыз. Түтінді немесе отты байқаған жағдайда бірден «101» немесе «102» нөміріне хабарласыңыз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz