RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да 6 жаңа су электр станциясы салынады

15.04.2025, 21:10 627

Алдағы бес жылда Шығыс Қазақстан облысында алты жаңа су электр станциясы салынады, деп хабарлайды 24KZ. Стратегиялық маңызы бар бұл нысандар Катонқарағай, Зайсан, Марқакөл және Алтай аудандарында бой көтереді.

Жаңа станциялар іске қосылған соң өңірдің электр желісіне қосымша 100 мегаватт қуат беріледі. Бұл аймақтың энергия тапшылығын едәуір төмендететін көрсеткіш. Жоспар жүзеге асса, өнеркәсібі дамыған өңір тұтынатын электр энергиясының 80%-і өз ішінде өндірілмек.

Айта кетейік, еліміздің шығыс бөлігінде 800-ден астам өзен бар. Қазіргі уақытта мамандар солардың жиырмадан астамына шағын су электр станцияларын салу мүмкіндігін зерттеп жатыр.

Нұрлан Рамазанов, облыстық ТКШ және энергетика басқармасының басшысы:

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы супотенциалы зерттелінген 22 өзенде 95 су электр станциясын салу мүмкіндігі бар. Есептелінген гидропотенциал дейміз. Яғни осы 95 су электр станциясының қуаттылығы 2 гигаватт. 22 өзендегі 95 су электр станциясының қуаттылығы 2 еседен артық бізге қуаттылық беру потенциалы бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz