Батыс Қазақстан облысында төрт теміржол бекеті жаңғыртылады, деп хабарлайды 24KZ. Семиглавый Мар, Шыңғырлау станциялары мен Ақсай, Оралдағы теміржол бекеттерінде жөндеу жұмыстары басталды.
Соның ішінде ең ірі нысан – Орал вокзалы. 1983 жылы салынған ғимарат осы күнге дейін жөндеу көрмеген. Перронның ұзындығы талапқа сай келмегендіктен, жолаушылар пойызы бірінші жолға тоқтамайды. Енді қалпына келтіру жұмыстары кезінде осы олқылықтардың орны толады. Құрылыс жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланған.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
- Оған қажетті қаражат республикадан шешіліп жатыр. Біз осы жерде мына ең бастысы әрбір теміржол вокзалдарында халықтың жүріп-тұруына қолжетімді болуы керек. Мысалы, Орал теміржол вокзалын қарасақ, астында білесіз, төменге түсіп, қайтадан перронға шығатын болсақ, ол қаншама қиындықтар. Ол жерде сау адам шыға алмайды мүгедектер түгілі. Сондықтан осы мәселенің бәрін ескердік. Реконструкция аясында лифттер қойылады.
Тегтер #БҚО #вокзал #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz