«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы өңір әкімдігімен бірлесіп «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуенін бастады, деп хабарлайды 24KZ. Шара «Жеңістің 80 жылдығына – 80 ізгі іс» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Автокеруен бүгін шаһардағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағынан салтанатты түрде жолға шықты. Білікті дәрігерлер, заңгерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері мен белсенділер екі күн бойы өңірдегі 10 ауданды аралайды. Оның аясында сала мамандары ардагерлер мен шалғайдағы елді мекен тұрғындарына көмек көрсетеді.
Айта кетейік, өңірде 6 майдангер, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілген 110 азамат тұрады.
Дауыл Бейсенқұлов, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы:
- Бүгінгі мақсат– соғыс ардагерлерімен теңестірілген тыл ардагерлерінің жағдайымен танысып, оларға құрмет көрсету. Тегін медициналық диагностикалық орталықтың қызметін ұсыну. Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған ескерткіштер мен мемориалдарды ретке келтіруге байланысты акция басталған болатын. Біздің жас ұрпақтарымыз сол автокөліктермен жеткізілгеннен кейін сол жергілікті жерде, ауылдарда тазалық жұмыстарына атсалысады.
Тегтер #Жамбыл облысы #AMANAT партиясы #Жеңіс күні #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz