RU
Толық нұсқаға өту

Елде ана мен сәби өлімі азайды

16.04.2025, 10:10 529

Елде ана мен нәресте өлімі азайды.

Мәселен кейінгі 10 жылда нәрестелердің шетінеп кетуі - 6,7%-ке және ана өлімі  - 11,4%-ке төмендеді. Сондай-ақ неонаталды өлім-жітім 19%-ке азайды. Бұған бұқараның уақытылы пренаталды скринингтен өтуі себеп. Қазір қазақстандық бұрымдылардың 90 пайызы тұрақты тексерістен өтеді. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. 2024 жылы 2,9 млн науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалану үшін стационарларда 78 госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды. Препараттарды қабылдауды дербестендірілген есепке алудың жаңа әдістемесі енгізілді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz