Биыл 195 медициналық мекеме пайдалануға беріледі.
Былтыр 361 нысан қолданысқа қосылды. Бұл ғимараттардың барлығы ауылдық елді-мекендерде бой көтерді. Бұрын медициналық мекемелер болмаған 200 ауылда алғаш рет дәрігерлік амбулатория, медициналық пункттер салынды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 медициналық нысан халық игілігіне беріледі. Сондай-ақ шалғай аймақтарда диспансерлік науқастарды қамту 15%-ке артып, 2 млн 200 мың адамға дейін көбейді. 2024 жылы олар 12 млн-нан астам консультациялық-диагностикалық қызмет алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ке өсті. Созылмалы инфекциялық емес ауруларға қарсы скринингтен 3 млн 400 мың қазақстандық өтті, 2,5 млн адам жатыр мойны обыры, сүт безі және тоқ ішек қатерлі ісігіне тексерілді. 2 мың 700 қатерлі ісік ауруы анықталды. Ал жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін 1 млн 300 мың ауыл тұрғыны пайдаланды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #медицина #қызмет
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz