Астанада 1 мамырдан бастап сарқынды суға қатысты тариф өсуі мүмкін.
Бұған «Астана су арнасының» 2025 жылға жоспарланған инвестициялық шығындарының ұлғаюы себеп болған. Енді мекеме желілерді жаңғыртуға қосымша 7,65 млрд теңге бөлуді көздеп отыр. Оның 2,05 млрд теңгесі тариф есебінен, қалған 5,6 млрд теңге республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Қазір «Сарқынды суларды ағызу және тазарту» тарифінің орташа деңгейін текше метріне 134,96 теңгеден 174,29 теңгеге дейін өзгерту ұсынылды. Яғни «Халыққа» арналған тариф 79,63 теңгеден 102,38 теңгеге дейін, жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары бойынша 240,54 теңгеден 310,63 теңгеге дейін, ал бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғалар үшін 309,12 теңгеден 399,19 теңгеге дейін өзгереді. Ал «ауыз суды жіберу» және «техникалық сумен қамтамасыз ету» қызметтері бойынша тарифтер өзгеріссіз қалды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #су #тарифPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz