10 сәуірде Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау өткен болатын.
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырған істердің бірі болды. Ақпан айының соңында Ішкі істер министрлігі тергеудің аяқталғанын мәлімдеп, істі прокурорларға жолдады. Көп ұзамай іс сотқа жіберілді. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Іске қосымша сегіз видеоматериал тіркелген. Келесі сот отырысы 17 сәуірде сағат 10:00-де өтеді.
Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан. Ер адамдар арасында жанжал басталып, арты төбелеске ұласқан.
Сот отырысының онлайн трансляциясын «Khabar News» YouTube арнасынан көре аласыздар. Мәтін түріндегі нұсқасын «24KZ» Telegram арнасынан оқи аласыздар.
Тегтер #Шерзат ісі #Шерзат Полат #сот отырысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz