RU
Толық нұсқаға өту

Су шайып кеткен «Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары» тасжолы ашылды

16.04.2025, 21:55 501

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары» республикалық тасжолы 16 сағаттан кейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды 24kz.

Күні кеше еріген қар жол төсемін шайып, шетін опырып кетті. Қауіпсіздік үшін бұл бағытта көлік қозғалысына тыйым салынып, жабуға тура келді. Оқиға орнына 22 техника мен 30 адам жұмылдырылды. Бұл жолдың стратегиялық және логистикалық маңызы айрықша. Себебі облыс орталығын Қатонқарағай, Алтай, Үлкен Нарын аудандарымен байланыстырады.

Нұрлан Әзімбаев, «Қажсервис» компаниясы ШҚО филиалының директоры:

- Бүлінген жолды қалпына келтірудің негізгі жұмыстары аяқталды. Техника мен адамдар дамылсыз еңбек етті. Бұл бағыттың маңызды екенін жақсы түсінеміз. Жол төсемін нығыздау үшін шамамен 3,5-4 мың текше метр тау жынысын тасып әкелдік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz