RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да «Дана бала» инклюзивті білім беру орталығы 108 балаға көмек көрсетті

16.04.2025, 23:15 748

Шығыс Қазақстанда 11 мыңға жуық ерекше бала тіркелген, деп хабарлайды 24kz.

Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп жатыр. Оларға арнайы білім беру мәселесі де өзекті. Осы орайда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Дана бала» инклюзивті білім беру орталығы мамандары ауқымды іс атқарып отыр. 3 жыл ішінде 100 ден астам баланы қоғамға бейімдеп, көмек көрсетті. Орталықта психологиялық диагностика, коррекция, сенсорлық интеграция және логопед пен дефектолог кабинеттері бар. Ал студенттер оқу орнында осы саладағы білімін жетілдіріп, мол тәжірибе жинақтайды. Орталықта педагог-ассисент мамандары даярлықтан өтеді. Былтыр 154 маман арнайы курс оқыды. Орталық ұжымы басқа облыстардағы әріптестерімен инклюзивті білім беру тәсілдерін бөлісуге дайын.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру туралы тапсырма берген болатын.

Елена Ровнякова, С.Аманжолов атындағы ШҚУ проректоры:

- Бұл мәселе өте өзекті. Елімізде ерекше білім беруді қажет ететін жалпы 230 мың бала болса, соның 11 мыңы біздің аймақта. Осыған қарап-ақ инклюзивті білім беруді жетілдірудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады. Ол балаларды ешкім сырт айналмауы тиіс. Әрі олар тек білім алып қана қоймай, қоғамға бейімделу керек. Ал біз оларды кеудесінен итермей, қабылдай білуіміз қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz