RU
Толық нұсқаға өту

Бүгін Шерзат Полатқа қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы өтеді

17.04.2025, 09:03 1011

Тікелей эфирді «Khabar News» арнасынан көруге болады.

Бұл іс бойынша айыпталушылар:

* Шынасыл Абзалға ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша адам өлтірді деген айып тағылған. Сондай-ақ ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша бұзақылық жасаған.  

* Сакиев Равильге ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі және 24-бабы 3-бөлігі бойынша адам өлтіруге оқталды деген айып және 293-баптың 3-бөлігі бойынша бұзақылық айыбы тағылған.

* Белгожаев Шыңғыс, Аскентай Ильясов, Тоқтаубаев Нұрбол, Тоқтаубаев Азамат, Қалиахмет Дидар ҚР ҚК 293-бабы бұзақылық бабы бойынша айыпталып отыр.

* Кәмелетке толмаған Ысқақ Думан ауыр қылмыс туралы хабарламау бабы бойынша айыпталып отыр. 

Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан. Ер адамдар арасында жанжал басталып, арты төбелеске ұласқан.

Істі бақылап отыру үшін 10:00-де «Khabar News» арнасындағы тікелей эфирге қосылыңыз! 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz