RU
Толық нұсқаға өту

6 жылда 800-ден аса әйелге әлеуметтік көмек көрсетілді

17.04.2025, 08:35 595

Жетісу облысында әйелдерге күш қолдану оқиғасы жиілген.

Былтырғы осы кезеңде құзырлы орган өкілдері 10 жағдайды тіркесе, биыл 60-қа тарта іс қозғалды. Отбасында зорлық-зомбылық көрген жандардың бірқатары Талдықорғандағы әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналасқан. Сарқан ауданының тұрғынын 20 жыл бойы отасқан күйеуі соққыға жыққан. Жолдасының жұдырық жұмсайтын әрекеттеріне ол осыған дейін кешіріммен қарап келіпті. Соңғы жағдай жанына жара салған соң алты баласын ертіп орталықты паналаған. 

Жәбірленуші:

- Кейінгі кезде қорқатын болдым. Орындықпен ұрады. Жарақат алып, сал болып қалсам кім балаларымды жеткізеді? Үйде жасап жүрген тамақты бір жерде жасасам да, үйде жасап жүрген жұмысты бір жерде істесем де осындай шешім қабылдап бекініп отырмын. Жұмыс жасаймын. Балаларымды өсіремін.

Жәбір көрген жанға орталық қызметкерлері жан-жақты көмек көрсете бастады. Енді оқып, мамандық алуына да жағдай жасамақ. Мекемеде отбасында озбырлық көрген 39 адам 6 айлық оңалтудан өтіп жатыр.   

Сұңқар Қадыров, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры: 

- Қызмет алушыларға 8 түрлі қызмет көрсетіледі. Медициналық қызмет, психолог, заңгердің қызмет түрі көрсетіледі. Жалпы қызмет алушылардың барлығына сапалы азық-түлікен, киім-кешекпен қамтылған.

Самал Жайлауханқызы, облыс Прокурорының аға көмекшісі:

- Былтыр 10 қылмыстық іс қозғалса, биыл 58 қылмытық іс тіркелген. 48 денсаулыққа жеңіл жарақат келтіру. Қалғаны ұрып соғу. Оның ішінде 26 сотқа жолданса, 22 ақталмайтын негіздермен қысқартылған.

Талдықорғанда отбасындағы кикілжіңді болдырмау, тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын-алу мақсатында форум өтті. Прокуратура қызметкерлері ұйытқы болған жиында ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдың себеп-салдары талқыланды.

Оразгүл Асанғазықызы, қоғам қайраткері:

- Отбасында неге ұрыс-керіс шығады? Еркегі әйелінен, әйелі еркегінен көреді. Шындығында екеуінің де кінәсі бар. Сондықтан әркім кемшілікті өзінен іздеп, қосылды ма? Алла тағала бала берді ма? Отбасы берік болу үшін екеуінің бір-біріне деген шексіз сыйластығы керек. Бір-бірін қолдауы сыйлауы керек. Осыны ұмытып кетеміз. Осыны естеріне саламын.

Орталық мамандары алты жылда 800-ден аса әйел адамға көмек көрсетті.  Солардың 70 пайызы өз отбасына қайта оралса, қалғаны жаңаша өмір сүру жолын таңдаған.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz