Әзірге елде аяқ киім, темекі бұйымдары мен дәрілік заттарды таңбалау міндеті бар.
Қазір бірыңғай жүйеге 55 мыңнан аса қатысушы тіркелген. Жаңа жылдан бастап, олардың қатары толыға түседі. Сауда және интеграция министрлігі мотор майлары, сыра өнімдері мен зергерлік бұйымдарға міндетті таңбалауды енгізбек. Нарық қатысушылары таңбаланбаған өнімге толық тыйым салуды ұсынады. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, ашық әрі бәсекеге қабілетті экономика қалыптастырудың маңызды қадамы дейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #таңбалау #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz