RU
Толық нұсқаға өту

ТМД елдерімен серіктестік нығая түседі

17.04.2025, 13:10 473

Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы серіктестік нығая түседі.

Сондай-ақ өзара инвестициялар көлемі артады. Бүгін Сенат осыған қатысты тиісті заңды мақұлдады. Құжат ТМД нарықтарындағы бизнестің позициясын нығайтуды және инвесторларға қатысты тәуекелдерді азайту үшін құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді. Яғни тауар жеткізушілер үшін көрсетілетін қызметтерді неғұрлым тиімді етпек. Демек енді  отандық экспорттаушылар достастық республикаларының нарықтарын белсенді игере алады.  Кәсіпкерлер осы мемлекеттерде қазақстандық капиталдың қатысуымен кәсіпорындар құрып, инвестициялар тарта алады. Айта кетейік, ТМД елдері Қазақстан экономикасына 4 млрд АҚШ долларын инвестициялаған.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Келісім ТМД елдерімен серіктестігімізді одан әрі нығайтуға бағытталып отыр. Бұл құжат қызмет көрсету саласында еркін сауда аймағын қалыптастыруды көздейтін ережелерді қамтиды. Сондай-ақ тараптардың инвестициялық тартымдылығын жақсартуға арналған нормалар да бар. Жалпы заң ТМД елдері арасында сауда-экономикалық белсенділікті арттыруға және өзара инвестициялар көлемін ұлғайтуға оң септігін тигізеді деп сенеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz