Түркістанда сарбаздар қоғамдық тәртіптің сақталуына және тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда.
55-74 бөлімінің 150 әскери қызметшісі жыл басынан бері 280-нен астам құқық бұзушылықты анықтады. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің тыныс-тіршілігімен танысуға барды. Ондағы материалдық-техникалық база мен жауынгерлік қызметтің жай-күйімен танысты. Осыдан соң Шымкент қаласындағы 65-06 әскери бөліміне атбасын бұрып, сарбаздардың сапалы тамақпен, медициналық көмекпен қамтамасыз етілуін тексерді. Сондай-ақ әскери қызметшілермен кездесу өткізіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #сарбаздар #Түркістан
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz