RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында екі зауыттың құрылысы басталды

17.04.2025, 14:25 543

Жамбыл облысында жылына 3 млн тонна болат пен жүгері өңдеу ісі қолға алынады.

Өңірде екі зауыттың құрылысы басталды. Осының нәтижесінде 4 мыңнан аса адамды жұмыспен қамту көзделген. Инвестициялық жобалар Шу ауданында жүзеге асып жатыр.Билік өкілдері мен инвесторлар тас жамылғысын ашып жатыр. 

Металлургиялық зауыт «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында салынып жатыр. Инвестициялық жобаның құны 564 млрд теңгеге тең. Нысан пайдалануға берілген жағдайда 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Комбинат алғашқы кезеңде 1 млн тоннаға дейін арматура, созба сым, бұрышты болат шығарады. Кейін 2 млн тонна профильді және жолақты болат өндірісі қолға алынады.

Цзэн Чжаоцянь «Fujian hengwang investment co. Ltd» компаниясының басқарма төрағасы:

- Біз болат өндірісіне әлемдегі соңғы технологияларды қолданамыз. Кәсіпорын қалдықты барынша жойып, жасыл экономиканы қолдайтын өндіріс болады. Зауыт толық циклды, яғни шикізаттан бастап өнім шыққанға дейінгі процес осында өтеді. Жалпы жылына 3 млн. тонна метал өңдейміз.

Сонымен қатар  Шу ауданында ​ жүгеріні терең өңдейтін Орталық Азиядағы ең ірі зауыт бой көтереді. Мұнда бастапқыда 1 млн тонна жүгері өнделеді. Компания келер жылы іске қосылады. Биыл диқандардан 300 мың тонна жүгері сатып алынбақ. Зауыт 8 түрлі өнім шығарып, қалдығынан мал азығын да өндіреді.

Әбілхайыр Тамабек, облыс әкімінің орынбасары:

- Зауыттың толық күш қуатына шығу үшін қазіргі ішкі қажеттіліктерді есептегенде кемінде 4-5 есеге дейін жүгерінің аумағын өсіруіміз керек болады. Бұл бізге бидай, арпа сияқты бірнеше жылдан бері өсіріліап келе жатқан өнімдерді әртараптандыруға, яғни басқа дақылдарға өтуге мүмкіндік береді. Шаруалар үшін ең тиімді нәрсе. Шаруа қайда өткіземін деп нарықты іздеп басын қатырмайтын болады.

Жалпы Жамбыл облысында 2029 жылға дейін құны 3,6 трлн теңге болатын 82 инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарланған. Биыл соның 30-ы іске асады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz