Қарағанды облысының Озёрное ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті.
Жаңарған мәдениет ошағының іргетасы 1963 жылы қаланыпты. «Ауыл-ел бесігі» ұлттық жобасы аясында Мәдениет үйін жаңғыртуға 127 млн теңге бөлінген. Жалпы ауданы 1 мың шаршы метр ғимараттың іші сырты мен шатыры толық жаңартылды. Сондай-ақ қажетті жабдықтар мен жиһаздар сатып алынды. Ғимараттың бір бөлігінде ауыл кітапханасы орналасқан. Мұнда оқырмандар үшін барлық жағдай жасалған.
Надежда Васкан, Мәдениет үйінің үйлестіруші маманы:
- Мәдениет үйінің бұрынғы мен қазіргі көрінісі жер мен көктей. Жұмыс істеуге өте ыңғайлы, іші жарық. Сахна мен көрермендер залының , жұмыс бөлмелерінің сәні кіріп қалды. Жаңа музыкалық аппарат алып берді. Мерекелерді, басқа да шараларды өткізуге барлық жағдай жасалған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қарағанды #мәдениет үйіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz