RU
Толық нұсқаға өту

Сотта ресми түрде Шерзаттың қайтыс болу себебі аталды. LIVE

17.04.2025, 17:20 694

Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша негізгі сот талқылауы әлі жалғасып жатыр. Айта кетелік, сот процесі онлайн, ашық өтіп жатыр. Бұл іс қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

Атышулы іске қатысты сот процесі қатысушылардың құқығын түсіндіріп, талап-тілегін тыңдаудан басталды. Осыны пайдаланған қос тараптың қорғаушылары істі Алматыдағы ЛА 72 мекемесінде өткізуді сұрады. Бірақ өтініш қанағаттандырылмады. Бұдан кейін қорғаушылардың бірі айыптау актісімен толықтай танысу қажеттігін айтты. Соған сәйкес прокурорлар атышулы істің басынан аяғына дейінгі оқиғалар тізбегін түгел баяндады. Екі сағатқа созылған баяндама барысында бірқатар факті белгілі болды. Мәселен, алғаш рет ресми түрде Ш. Полаттың қайтыс болу себебі аталды.

Қылмысқа күдікті ретінде 9 адам танылып отыр. Олардың төртеуі бұрын да істі болып бас бостандығы шектелгені туралы мәлімет бар. Ұсталғандардың екеуіне адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу баптары бойынша, қалғандарына бұзақылық бабы және қылмыс туралы хабарламағаны туралы іс қозғалды. Жәбірленушілердің құқығын 7 адвокат, айыпталушылардың мүддесін 8 қорғаушы қорғап жатыр.

Ашық түрде өтіп жатқан сотты «Хабар» арнасының YouTube каналынан көруге болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz