Мемлекеттік сатып алу туралы заңның жыл басында енгізілген жаңа ережелері бүгінде өз нәтижесін беріп жатыр. Конкурстарды өткізу мерзімі 2 айдан 10 күнге қысқаруының арқасында жобаларды жүзеге асыру әлдеқайда жеделдей түсті.
Мәселен, өткен жылдың бірінші тоқсанында құны 1,5 трлн теңгеге тең келісімшарт жасалса, биыл жыл басынан бері құны 4 трлн теңге болатын құжатқа қол қойылды. Шағымдардың да саны 11%-ке қысқарып, 9,5 мыңнан 8,5 мыңға дейін азайды. Оның ішінде небәрі 70 іс сот органдарының қарауына жолданды.
Дәурен Кеңбейіл, ҚР қаржы вице-министрі:
- Рейтингтік-балдық жүйе биылдан бастап бұл жүйені біз жетілдірдік. Бұл жүйе бойынша бүгінгі күні құрылыс жұмыстары, жобалау жұмыстары, техникалық қадағалау жұмыстары сатып алынады. Жеңімпазды айқындау 5 күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурстық комиссия құрылмайды, яғни адами фактор жоқ. Біздің басты мақсатымыз – осы жүйеге барлық сатып алуды көшіру.
Тегтер #Мемлекеттік сатып алу #жаңа ереже #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz