RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да Студенттік ассамблея кәсіпорындармен әріптестік орнатты

17.04.2025, 20:40 489

Шығыс Қазақстан облысында Студенттік ассамблея кәсіпорындармен әріптестік байланыс орнатты, деп хабарлайды 24KZ. 7 жоғары оқу орны мен колледж студенттері жергілікті зауыттарда өндірістік тәжірибеден өтіп жүр.

Үгіт-насихат тобы мектептерге де барып, жас түлектерге техникалық мамандықты таңдауға кеңес береді. Өңірде дуалды оқыту жүйесі жүзеге асып жатыр. Соған сәйкес 400-ден астам кәсіпорын 5 мың студентті тәжірибеден өткізуге дайын. Олар оқуды аяқтаған соң бірден жұмысқа алынады. Осылайша орталық жылу электр станциялары кадр резервін қалыптастырады. Қазірдің өзінде 2 курс студенттері өз мамандығы бойынша қызмет атқарып жатыр. Өндіріс орны 56 мамандық түрін жедел оқытатын өндіріс алаңдарымен жабдықталған.

Берік Сәрсеков, ШҚО «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасының орынбасары:

- Жұмысшы мамандықтар жылында бізде Студенттік ассамблеямен қазір үлкен жұмыстар өткізіліп жатыр. Себебі олардың ішінде бізде техникалық студенттер бар. Яғни дәл осы жылы дәл осы мамандықтарда оқитын студенттеріміз бар. Сондықтан солар арқылы осындай түрлі семинар-тренингтер, шеберлік сағаттарын өткізіп жатырмыз. Себебі ол жастар арасында жұмысшы мамандықтар жылы өзінің бір дұрыс деңгейін көрсету үшін көмегін береді деп ойлаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz