RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте 4 қаржы пирамидасы әшкереленді

17.04.2025, 21:05 412

Шымкентте қаржы пирамидаларын құру және оған басшылық етуге қатысты 4 қылмыстық іс тіркелді. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, биыл заңсыз қаржы ұйымдарының салымшылары көбейген.

Мәселен, өзін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған мекеменің үстінен 65 адам арызданып, 551 миллион теңге шығын келтірілгені анықталды. «Тергеу әлі аяқталмағандықтан жәбірленушілердің қатары көбеюі мүмкін», – дейді мамандар. Сондықтан күмәнді ұйымдарға сенбеуге шақырады.

Дәурен Тұрғынбай, қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:

- Қаржылық пирамидалардың ең басты мәселесі сіз ол жерде серіктес болып табылмайсыз негізі сіз ресурс болып таныласыз ол жерде. Сіздің артыңыздан келген адамдардан сізге берілетін пайыздық үстем сізден кейінгі тартылған адамдардан жарнасы есебінен беріледі. Осыны түсінсе екен дейміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz