Каспий жағалауын кеміргіштерден залалсыздандыру басталды, деп хабарлайды 24KZ. Дератизация тәсілдері Ақтаудың алты шағын ауданын, Өмірзақ және Приморский ауылын, сонымен бірге Ақтау теңіз порты аумағын қамтиды.
Мамандардың айтуынша, егеуқұйрықтарды жоюға қолданылатын химиялық препараттардың адам денсаулығына және үй жануарларына зияны жоқ. Олар жұқпалы аурулардың таралуы мен кеміргіштердің көбеюін тежейді.
Жалпы биыл жағалауда былтырға қарағанда кеміргіш саны артқандықтан, дератизация шаралары күзге дейін жалғасады.
Жантілек Асхатов, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:
- Ақтау қаласының 16 және 17, 18, 19, 20-шағынаудандарында жүргізіледі. Дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін денсаулық сақтау саласында дератизация-дизенфекция жүргізуге мемлекеттік лицензиясы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік тәжірибелі ұйым болып табылады.
Тегтер #Каспий жағалауы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz