Атырауда масаға қарсы улау жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24KZ. Қазір көпқабатты 1200-ден астам үйдің жертөлелері мен кіреберістеріне дезинфекциялау жүргізіліп жатыр.
Қазынадан ол үшін 244 млн теңге бөлінген. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Мұны әкімдіктегілер жұмыстың ерте басталғанымен байланыстырып отыр. «Өйткені ауа райының күрт жылынуы қансорғыштардың шамадан тыс көбейуіне әкеп соғады», – дейді мамандар. Маса улау жұмыстары қазір кестеге сәйкес атқарылып жатыр.
Елтай Айбатов, қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:
- Мекемелер қазіргі таңда улау жұмыстарын осы сәуір айының басынан жұмыстар басталды. Сонымен қатар қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін және кіреберістерін улау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ сәуір айының орталарына қарай ашық су алаңдары мен жасыл желектерді масаға қарсы улау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Тегтер #Атырау #маса улау #дезинфекция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz